Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Сахна азып барады»: Атырау театрындағы қойылым жұрттың жағасын ұстатты

Атырау қаласындағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында сахналанған «Ақ қар жауып тұрғанда» трагикомедиясы әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Көрермендер арасында пікірталас тудырған спектакльде актрисаның сахнада шеш

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Сахна азып барады»: Атырау театрындағы қойылым жұрттың жағасын ұстатты
Атырау қаласындағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында сахналанған «Ақ қар жауып тұрғанда» трагикомедиясы әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Көрермендер арасында пікірталас тудырған спектакльде актрисаның сахнада шешінуі және шылым шегуі ерекше сынға ұшырады. Бұл көріністер қазақ менталитетіне жат деп саналғандықтан, әлеуметтік желілерде спектакльге қатысты қатты наразылықтар айтылды. Желі қолданушылары пікірлерінде: «Порнотеатр», «Не тәрбие?»,«+18 театр»,«Сахна азып барады», «Бұл театр емес, түнгі клуб» – деп жазып, қойылымды сынға алды. Бұл жағдай театр мен көрермен арасындағы мәдени көзқарастардың қақтығысын көрсетті. Бір тарап заманауи өнер еркіндігін қолдаса, екінші тарап ұлттық дәстүрге сай келмейтін сахналық көріністерге қарсы шықты. Мәселе бойынша театр басшылығы мен қойылым режиссері тарапынан ресми пікір күтілуде.      

Ұқсас материалдар

«Сахна азып барады»: Атырау театрындағы қойылым жұрттың жағасын ұстатты · Todayinfo