Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Сахнаға мас, толық болып шығуға болмайды»: Майра Ілиясованың мәлімдемесі жұртты ойландырды (ВИДЕО)

Халық әртісі Майра Ілиясова қазіргі кейбір әншілердің сахнаға дайындықсыз шығуын сынға алды. Ол сахнада көрерменге күлкі сыйлау үшін емес, өнер көрсету үшін шығу қажеттігін айтып, кәсібилік пен сахна мәдениетінің маңыздылығын баса айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агентт

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Сахнаға мас, толық болып шығуға болмайды»: Майра Ілиясованың мәлімдемесі жұртты ойландырды (ВИДЕО)
Халық әртісі Майра Ілиясова қазіргі кейбір әншілердің сахнаға дайындықсыз шығуын сынға алды. Ол сахнада көрерменге күлкі сыйлау үшін емес, өнер көрсету үшін шығу қажеттігін айтып, кәсібилік пен сахна мәдениетінің маңыздылығын баса айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Ауыздарына келгенін айтады. Толық боп шығады. Кей әншілер сахнаға мас күйінде шығады, киімдері үтіктелмеген, туфлиін сүртпей де сахнаға көтеріледі. Бұл – көрерменге деген құрметсіздік. Сахна – қасиетті орын.», – деді ол.
Майра Ілиясова сахнада өзін кәсіби деңгейде ұстап, көрермен алдында әрдайым жинақы көрінудің маңызды екенін айтты. Оның пікірінше, сахна мәдениеті – әншінің ішкі тәртібінің айнасы.
«Мәдина Сәдуақасова мен Роза Рымбаева сияқты әншілер сахнада әрдайым жинақы, талғаммен киінеді. Біз жетпіс жасқа келсек те, ешбір жас әншіден кем түспеуіміз керек. Өйткені бұл – жауапкершілік», – деді ол.
Майра Ілиясова кәсіби атақтарға ие болып жатқан әртістердің өз-өзін лайықты ұстауға тиіс екенін де атап өтті. Ол халықтың сыны – әділетті сын екенін айтып, әр әнші көрерменнің бағасын ескеруі тиіс деп санайды.
«Халық бәрін көріп отыр. Олар әділ сын айтады. Сондықтан әр әртіс сахнаға шығар алдында өз түріне, киіміне, жүріс-тұрысына мұқият қарауы қажет», – дейді Халық әртісі.
   
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

Ұқсас материалдар

«Сахнаға мас, толық болып шығуға болмайды»: Майра Ілиясованың мәлімдемесі жұртты ойландырды (ВИДЕО) · Todayinfo