Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Сапарға шығар алдында анықта: ұшақтар кешігіп, Алматы әуежайындағы жағдай ушықты

Алматы әуежайындағы жолаушылар үшін бүгінгі күн оңай болмай тұр. Онлайн-таблодағы соңғы мәліметке сүйенсек, әуе айлағында ондаған рейс кестеден ауытқып, ұшу және ұшып келу уақыттары айтарлықтай өзгерген. Келеңсіздік тек ішкі бағыттарды ғана емес, маңызды халықаралық маршруттарды

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Сапарға шығар алдында анықта: ұшақтар кешігіп, Алматы әуежайындағы жағдай ушықты

Алматы әуежайындағы жолаушылар үшін бүгінгі күн оңай болмай тұр. Онлайн-таблодағы соңғы мәліметке сүйенсек, әуе айлағында ондаған рейс кестеден ауытқып, ұшу және ұшып келу уақыттары айтарлықтай өзгерген.

Келеңсіздік тек ішкі бағыттарды ғана емес, маңызды халықаралық маршруттарды да шарпыды. Кейбір жолаушылардың күту залында отырғанына бірнеше сағат болса, енді бірінің рейсі мүлдем келесі күнге шегерілген.

Мәселен, Қытайдың Урумчи қаласынан келуі тиіс China Southern Airlines ұшағы таңғы 7:50-дің орнына, түскі 11:35-те бір-ақ қонбақ. Бұл – 4 сағатқа жуық кешігу.

19 сағатқа созылған күту

Жағдай әсіресе шетелге демалуға бара жатқандар мен транзиттік жолаушылар үшін қиынға соғуда. Ең ұзақ кідіріс Дубай және Доха бағыттарында тіркелді:

  • Emirates және Fly Dubai әуе компанияларының Дубайға ұшатын рейстері 18-19 сағатқа кешіктірілді;

  • Qatar Airways және оның серіктестерінің (British Airways, Finnair) Дохаға бағытталған рейстері 13 жарым сағатқа шегерілген.

Ал ішкі рейстер арасында Астана, Шымкент, Атырау, Ақтау және Өскемен қалаларына қатынайтын Air Astana мен SCAT ұшақтары орта есеппен 40 минуттан 2 жарым сағатқа дейін кешігуде. Мальдив аралдарынан (Мале) келетін ұшақ та 3 сағат 40 минутқа кешігіп жатыр.

Әуежай не дейді?

Әзірге Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі ресми түсініктеме берген жоқ. Рейстердің жаппай кешігу себебі нақты айтылмады.

Мамандар жолаушыларға әуежайға шықпас бұрын, рейстің мәртебесін арнайы мобильді қосымшалар немесе ресми сайт арқылы тексеріп алуға кеңес береді.

Маңызды ескерту: Рейстердің кешігуінен бөлек, әуежайға жетудің өзі қиындық тудыруы мүмкін. 11 желтоқсанға дейін Бейімбет Майлин көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты бас кіреберіс жартылай жабылған. Кептелісте қалып қоймас үшін жолға ертерек шығыңыз.

Ұқсас материалдар

Сапарға шығар алдында анықта: ұшақтар кешігіп, Алматы әуежайындағы жағдай ушықты · Todayinfo