Сара Назарбаева 85 жасында өмірден өтті - БАҚ
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жары, елдің бұрынғы тұңғыш ханымы Сара Назарбаева 85 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Orda.kz- ке сілтеме жасап, Сара Алпысқызы соңғы апталарда Алматыдағы Президент іс басқармасына қарасты респу

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жары, елдің бұрынғы тұңғыш ханымы Сара Назарбаева 85 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап,
Сара Алпысқызы соңғы апталарда Алматыдағы Президент іс басқармасына қарасты республикалық клиникалық ауруханада («Совминка») ем алып жатқан.
Бүгін алдын ала мәлімет бойынша, дәрігерлер оны өкпені жасанды желдету аппаратынан ажырату туралы шешім қабылдаған.
Orda.kz дереккөздері ақпараты бойынша, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы әйелі Сара Назарбаеваның өмірін қамтамасыз етіп тұрған аппарат сөндірілді. Сара Назарбаева 85 жасында дүниеден өтті. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары Orda.kz тілшілерінің сауалына қысқа ғана «Иманды болсын» деп жауап берді.
Сара Алпысқызы Назарбаева – Қазақстанның тұңғыш Президентінің жары ретінде елдің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқарған тұлға. Ол «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалап, балалар мен отбасы мәселелеріне ерекше назар аударған. Оның бастамасымен елімізде көптеген әлеуметтік жобалар жүзеге асты.
Алайда Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы бұл ақпараттың жалған екенін жариялады. Айтуынша, экс-президенттің әйелі тірі, ауруханада ем алып жатыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·