Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Say Mo сүйіктісі кім болып шықты?

Танымал қазақстандық әнші Say Mo Доха қаласында сүйіктісімен бірге демалыс өткізіп жатқанын мәлімдеді. Бұл демалыс — оның туған күніне арналған сыйлық болған,деп хабарлайды  Todayinfo. Әнші әлеуметтік желіде сүйіктісімен түскен романтикалық суреттерін жариялағанымен, жігітті

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Say Mo сүйіктісі кім болып шықты?
Танымал қазақстандық әнші Say Mo Доха қаласында сүйіктісімен бірге демалыс өткізіп жатқанын мәлімдеді. Бұл демалыс — оның туған күніне арналған сыйлық болған,деп хабарлайды Todayinfo. Әнші әлеуметтік желіде сүйіктісімен түскен романтикалық суреттерін жариялағанымен, жігіттің жүзін әдейі көрсетпей отыр. Бұған дейін де Say Mo жанкүйерлерін интригада ұстап, жігіті туралы нақты мәлімет бермеген болатын.
«Катарда өте керемет демалыс өткіздік. Бұл менің туған күніме Масиктен сыйлық болды. Әлемдегі ең керемет ер адам. Мені бақытты еткенің үшін рақмет», – деп жазды әнші желідегі жазбасында.
Say Mo-ның сүйіктісі туралы желіде түрлі болжамдар айтылуда. Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіні атаған болатын. Алайда соңғы суреттерден кейін көпшілік бұл болжамды теріске шығарды. Пікірлерден: «Айтым қазір Алматыда» «Арқасынан қарағанда Айтым сияқты» «Қайдағы Айтым? Бастысы бақытты болсын!» – деген жазбалар жиі кездеседі. Сүйіктісінің кім екені әзірге белгісіз болса да, желідегі жазбаларда Say Mo-ның бақытты болуын тілеген жанкүйерлер көп. Әнші романтикалық демалысымен бөлісу арқылы жеке өмірінің шымылдығын сәл ғана ашқандай болды.      

Ұқсас материалдар

Say Mo сүйіктісі кім болып шықты? · Todayinfo