Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Саяси көзқарасым үшін жекпе-жектерім өтпей қалды -  Қуат Хамитов

Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзінің саяси көзқарасына байланысты кәсіби мансабында кедергілерге ұшырап жатқанын ашық айтты. Оның айтуынша, соңғы уақытта бірнеше жекпе-жегі тоқтатылып, демеушілермен келісімдер бұзылған.Бұл жайында Todayinfo.kz хабарлайды. Әлеуметтік желі

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Саяси көзқарасым үшін жекпе-жектерім өтпей қалды -  Қуат Хамитов
Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзінің саяси көзқарасына байланысты кәсіби мансабында кедергілерге ұшырап жатқанын ашық айтты. Оның айтуынша, соңғы уақытта бірнеше жекпе-жегі тоқтатылып, демеушілермен келісімдер бұзылған.Бұл жайында Todayinfo.kz хабарлайды. Әлеуметтік желілерде жиі қойылатын «келесі жекпе-жек қашан өтеді?» деген сұрақтарға жауап берген Қуат Хамитов, ақпанда өтетін бокс кездесуінің де тоқтатылғанын, енді 27 мамыр күніне жоспарланған жекпе-жектің де өтпеу қаупі барын айтты.
«Жарнама деген олай болмайды. Бұл – шындық. Мен хайп үшін емес, қоғамдағы шынайы жағдайды айтып жүрмін. Бірақ, өкінішке қарай, сол шындық менің мансабыма кесірін тигізіп жатыр», — деді спортшы.
Қуат Хамитов ескі Қазақстаннан бері қысым көріп жүргенін, ал «Жаңа Қазақстан» ұғымы да шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Оның айтуынша, өзімен жұмыс істегісі келген компаниялар биліктің қысымымен келісімдерден бас тартқан.
«Ескі Қазақстанда төрт-бес кешімді өткізбей қойды. Демеушілерден «Қуатпен жұмыс істемеңдер» деп қысым жасаған. Қазір де сол жағдай қайталанып жатыр. Мен шындықты айтудан бас тартпаймын. Халықпен бірге болуға дайынмын», — деді Хамитов.
Қоғамда өз ойын ашық айтқан спортшылардың бірі ретінде танылған Қуат Хамитов қандай жағдай болса да сынбайтынын және шынайылық үшін күресуді жалғастыратынын айтып отыр. Ол спорттағы мансабы қиындықтарға ұшыраса да, халықпен бірге болу — басты құндылық деп есептейді.      
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от (@kuat__khamitov)

Ұқсас материалдар

Саяси көзқарасым үшін жекпе-жектерім өтпей қалды -  Қуат Хамитов · Todayinfo