Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Семейде 76 жастағы алаяқ ұсталды

Семейде 76 жастағы ер адам алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның 68 жастағы зейнеткер әйелді алдағаны белгілі болды. Жәбірленушінің айтуынша, 2024 жылғы қазанда ол ер адамға 100 мың теңге берген.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Семейде 76 жастағы алаяқ ұсталды

Семейде 76 жастағы ер адам алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның 68 жастағы зейнеткер әйелді алдағаны белгілі болды. Жәбірленушінің айтуынша, 2024 жылғы қазанда ол ер адамға 100 мың теңге берген. Себебі күдікті оған несие рәсімдеуге көмектесемін деп уәде еткен.

«Алайда ақша алғаннан кейін ол байланысқа шықпай қойған. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол – Семей қаласының 76 жастағы тұрғыны», – деп хабарлады ведомстводан.

Күдікті өз кінәсін мойындап, алған ақшаны толықтай жұмсап жібергенін айтқан. Қазіргі уақытта оған қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция тұрғындарға қаржылық мәселелер бойынша бөгде адамдарға сенбеуге және барлық банк операцияларын тек ресми мекемелер арқылы жүргізуге кеңес береді. Күмән туындаған жағдайда дереу полицияға немесе 102 нөміріне хабарласу қажет.

Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға бұған дейін Алматыда тіркелген еді. Онда 77 жастағы қарағандылық зейнеткер әйел 22 млн теңгесінен айырылған.

Ұқсас материалдар

Семейде 76 жастағы алаяқ ұсталды · Todayinfo