Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Сен» дегендерді жақтырмаймын: Блогер бала күтушісіне қожайын ретінде қарайтынын айтты

Блогер Керім Найманбаева Анна Данченкоға сұхбатында отбасылық өмірі мен бала күтушісіне қатысты пікірлерімен бөлісті,деп хабарлайды Todayinfo. Керім өзінің күйеуіне босанбай тұрып «сенің жасың үлкен, көп нәрсені білесің және маған қолдауың керек. Бұл бала — ортақ, бірге қарайық»

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Сен» дегендерді жақтырмаймын: Блогер бала күтушісіне қожайын ретінде қарайтынын айтты
Блогер Керім Найманбаева Анна Данченкоға сұхбатында отбасылық өмірі мен бала күтушісіне қатысты пікірлерімен бөлісті,деп хабарлайды Todayinfo. Керім өзінің күйеуіне босанбай тұрып «сенің жасың үлкен, көп нәрсені білесің және маған қолдауың керек. Бұл бала — ортақ, бірге қарайық» деп айтқанын атап өтті. «Мен әлі жас қызбын, тұрмысқа жұтылып кеткен әйел болғым келмейді» деп, өз еркіндігін сақтап қалуға тырысқанын айтты. Сондай-ақ, Керім бала күтушісіне қоятын талаптарын ашып айтты.
 «Басты талап — балаға қатысты барлық дүниені жасау керек. Міндетті түрде баламен қазақша сөйлесу керек». Ол бала тәрбиесі ана тілінде болуы тиіс деп санайды және бала күтушісі ұлты қазақ, қазақша білетін адам болуы керек деген шарт қойды. «Бала өзінің ана тілінде сөйлеу керек. Сондықтан негізігі талаптардың бірі қазақ болуы және қазақша білу керек болды», - деп атап өтті блогер.
Керім сондай-ақ, бала күтушісіне қатысты жеке тәжірибелерімен де бөлісті. Оның айтуынша, жұмыс барысында кейбір әйелдер мен олардың күйеулері түсіністікпен қарамаған.
«Мысалы, менің жас екенімді көріп, сен деп сөйлеген кісілер болды. Ал, мен ондай нәрсені жақтырмаймын. Жұмыс барысында сіз деп сөйлеу керек. Мен жас болсам да, бұл жағдайда мен қожайынмын. Бізде 1-2 бала күтушісінің күйеулері жұмыстан кешіккені үшін ұрып тастаған. Сондықтан жасы 40-45 тен асқан, ұлты қазақ, қазақша білетін, өзінің балалары бар, тәжірибесі көп, күйеуі жоқ әйел болу керек деген талап қойдым», — деп түсіндірді ол.
Қазіргі таңда Керім өз көмекшісімен жақсы қарым-қатынаста екенін және ай сайын 700 мың теңге төлеп, көмекшісін өздеріне қонақжайлықпен қабылдайтынын айтты: «Айына 700 мың теңге төлейміз. Бізбен бірге тұрады, тамағы бәрі бізден».      

Ұқсас материалдар

«Сен» дегендерді жақтырмаймын: Блогер бала күтушісіне қожайын ретінде қарайтынын айтты · Todayinfo