Сенат Түркістанға Ерекше мәртебе беру туралы заңды мақұлдады
Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі. Тиісті заң жобасын бүгін Сенат депутаттары мақұлдады. Енді шаһардың жергілікті өкілді органының, оның ішінде дизайн-кодты, қала құрылысы регламентін, өңірлік нышанды пайдалану тәртібін бекіту құзіреті өзгереді. Сондай-ақ, ерекше статуст

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі. Тиісті заң жобасын бүгін Сенат депутаттары мақұлдады. Енді шаһардың жергілікті өкілді органының, оның ішінде дизайн-кодты, қала құрылысы регламентін, өңірлік нышанды пайдалану тәртібін бекіту құзіреті өзгереді.
Сондай-ақ, ерекше статуста Түркістанның төлқұжаты атанған Қожа Ақмет Ясауи кесенесі жайы да көрсетілген. Құжатқа сай кесене маңына биік ғимарат салуға тыйым салынады. Одан бөлек, қаланың тарихи-мәдени мұрасы объектілерін қорғау әрі пайдалануы ғылыми мамандармен жүзеге асады.
Жаңа құжатқа сай, жер кодексі мен тағы 4 бірдей заң да толығады. Олардың бір парасы шаһардағы туризм саласын дамытуға бағытталған. Мәселен туристерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық инфроқұрылым қол жетімді болуы керек деп көрсетілді.
https://www.youtube.com/live/wnGTAcbP4oc
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«35 градус қатты ыстық»: Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Айдар Керім·

Жаңалықтар
Осы демалыста отандық спортшылар халықаралық жарыстарда 19 медаль жеңіп алды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Транспорт, логистика, ГМК и торговля: Серик Жумангарин обсудил перспективы сотрудничества с руководством Афганистана
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Көлік, логистика, ТМК және сауда: Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Жаннұр Еділбаева·