Серік Сәпиев дауы: Қарағанды спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Туризм және спорт министрлігі Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметіне Нұркен Нұратовтың кандидатурасын келісіп бекітті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл шешім өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комисс

Туризм және спорт министрлігі Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметіне Нұркен Нұратовтың кандидатурасын келісіп бекітті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шешім өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Бұған дейін Нұратов Алматы облысының олимпиадалық резервтерді даярлау орталығын басқарған.
Министрліктің мәліметінше, үміткердің спорт саласында айтарлықтай тәжірибесі бар. Комиссия оның кәсіби жолын, басқарушылық тәжірибесін және өңірде спортты дамытуға қатысты көзқарасын жан-жақты қарап, оң шешім қабылдаған.
Еске салайық, бұған дейін басқарманы Серік Сәпиевбасқарған. 2026 жылғы 21 қаңтарда ол өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен жанжалға түсіп, оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. Кейін екеуі де бұл жағдайға қатысты түсініктеме бергенеді.
3 ақпанда Сәпиев пен Есімхановтың өз өтініштері бойынша қызметтен кеткенібелгілі болды.
Ал 25 наурызда Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің осы спорт түрін дамыту мәселелері жөніндегі кеңесшісіболып тағайындалды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
За два месяца КНБ добился осуждения 13 человек по террористическим и экстремистским статьям
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Астане пресечена схема незаконного оформления ИИН иностранцам
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанада ЖСН “саудасы”: шетелдіктерге құжат заңсыз жасалған
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
13-летний подросток задержан по делу о гибели 12-летнего мальчика в Алматы
Жаннұр Еділбаева·