Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Шәріп Серік өзін әжуалаған видеоролик үшін полицияға арызданды

Белгілі актер Шәріп Серік өзінің көңіл қосқан құрбысын ұрған видеосы тарағаннан кейін әлеуметтік желіде қызу талқылауға түсті. Оқиғаға байланысты қолданушылар әзіл-оспақ видеолар жариялап, олардың бірі жасанды интеллект көмегімен дайындалған болатын. Бұл туралы arma_mvp атты қолд

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Шәріп Серік өзін әжуалаған видеоролик үшін полицияға арызданды
Белгілі актер Шәріп Серік өзінің көңіл қосқан құрбысын ұрған видеосы тарағаннан кейін әлеуметтік желіде қызу талқылауға түсті. Оқиғаға байланысты қолданушылар әзіл-оспақ видеолар жариялап, олардың бірі жасанды интеллект көмегімен дайындалған болатын. Бұл туралы arma_mvp атты қолданушы Threads желісінде хабарлады. Аталған видеода Шәріп Серікті Қуандық Бишімбаев жұбатып отырғандай көрініс бейнеленген.
«Кез-келген жағдайда жаныңда сені қолдайтын адам болуы керек», – деген жазба қосылған видеода.
Шәріп Серік аталған роликті өзін әжуалау әрі әділетсіздік деп қабылдап, Алматы қаласының аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған. Бұл туралы ролик авторы Threads желісінде хабарлады:
«Бүгін маған Алматының аудандық ішкі істер бөлімінен хабарласты. Шәріп Серік менің үстімнен жалған ақпарат таратқаным туралы арыз жазғанын айтты. Не ойлайсыздар? Сұхбатты көрдіңіздер ғой», – деп жазды ол.
Ролик авторы өзінің ешқандай зорлық-зомбылықты қолдамайтынын және қоғамда мұндай әрекеттерге қарсы екенін баса айтты.  
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Арман | Креативный контент (@arma_mvp)

Ұқсас материалдар

Шәріп Серік өзін әжуалаған видеоролик үшін полицияға арызданды · Todayinfo