«Шариғатқа қайшы емес»: бұрынғы бас мүфти электронды темекіні мақұлдады
Ислам құқығы профессоры, Мысырдың бұрынғы Бас мүфтиі Али Джума темекінің зиянын азайтуды көздейтін құрылғылар туралы ұлттық «Әл-Хаятт» телеарнасының тікелей эфирінде мәлімдеме жасады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Белгілі ислам ғалымы, темекіні қыздыру жүйелері –

Ислам құқығы профессоры, Мысырдың бұрынғы Бас мүфтиі Али Джума темекінің зиянын азайтуды көздейтін құрылғылар туралы ұлттық «Әл-Хаятт» телеарнасының тікелей эфирінде мәлімдеме жасады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Белгілі ислам ғалымы, темекіні қыздыру жүйелері – мысалы, IQOS секілді құрылғылар, егер олардың зияны кәдімгі темекіге қарағанда айтарлықтай төмен екені ғылыми түрде дәлелденсе, шариғатқа қайшы емес деп бағалады.
Али Джуманың айтуынша, исламда кез келген жаңа дүние әдепкіде халал (рұқсат етілген) деп есептеледі, егер оның харам екені нақты дәлелденбесе. Бұл қағида бойынша, түтінсіз темекі өнімдерін қолдануға тыйым салуға діни негіз жоқ, егер ол өнім денсаулыққа аз зиян келтірсе.
«Исламда "Зиян да жоқ, зиянмен жазалау да жоқ" деген қағида бар. Айқын түрде ауыр зиян келтіретін нәрсеге ғана тыйым салынады», – деді ғұлама.
Темекіні қыздыруға арналған құрылғылар темекі шегуден бас тартуға көмек ретінде қарастырылуы керек. Али Джуманың пікірінше, бұл құралдар темекіге тыйымды айналып өту үшін емес, керісінше, зиянын азайту мақсатында пайда болған.
Дінтанушы IQOS секілді құрылғылар туралы айту кезінде, ислам ғалымдарының темекіге көзқарасының тарихи өзгеруін мысалға келтірді. Бұрын әртүрлі пікірлер айтылса, қазіргі уақытта темекінің зиянына ешкім күмән келтірмейді.
Британияның Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, дәстүрлі темекі түтінінде 7000-нан астам зиянды зат бар, оның 69-ы канцероген. Ал заманауи құрылғыларда темекі 350°С-қа дейін қыздырылып, никотинді аэрозоль түзіледі. Бұл өнімдердің 95% аз зиянды екені ғылыми түрде дәлелденген.
ДДҰ мәліметтері бойынша, никотин онкологиялық ауруларға тікелей себепші емес, бірақ тәуелділік тудыра алады. Алайда дәрігерлік мақсатта тазартылған никотинді қолдану – мысалы, никотиндік пластырь – дін өкілдері тарапынан рұқсат етілген.
«Темекіден біртіндеп бас тарту үшін қолданылатын құралдар оразаны бұзбайды, намазға кедергі
Али Джума сияқты беделді ислам ғалымдарының ұстанымдары қазіргі мұсылман қоғамына шариғат нормаларын ескере отырып, денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді. Темекіге тәуелді адамдар үшін зиянды азайтуға бағытталған құрылғылар күнә емес, керісінше, үлкен зияннан арылуға көмектесетін құрал ретінде қарастырылады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·