«Бізді екі күн бойы сол жерде ұстап отырды. Тамақ та, ұйқы да болмады. Бізден жүзге жуық адам жауап алды. Қандай сұрақтарға жауап бергенім есімде жоқ. Мен жауапты орыс тілінде бердім, олар қазақ тіліне аударып жазды. Сол кезде менің бар ойым тезірек қол қойып, үйге қайту болды», — деді Эльмира Нұрбекова сотта.Қорғаушы тарап 2024 жылдың қазан айында алынған Эльмира Нұрбекованың жауабын бейнежазба арқылы тыңдау туралы өтініш жасады. Адвокаттың айтуынша, жауап алу барысында куәгер қазақ тілінде сөйлеген. 11 қазан күні түсірілген бейнежазбада Эльмира Нұрбекованың жауабы жазылған.
Шерзат Болаттың өлімі ісі: Эльмира Нұрбекова сотта жауап беруін жалғастыруда
1992 жылы туған Эльмира Нұрбекова Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот ісі бойынша куәгер ретінде жауап беруді жалғастыруда, деп хабарлайды Todayinfo. Бұған дейінгі сот отырыстарында оның сотталушылардың бірінің шақыруымен кафеде кездескені, кейін дүкен алдына бірге барғаны белгіл

1992 жылы туған Эльмира Нұрбекова Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот ісі бойынша куәгер ретінде жауап беруді жалғастыруда, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұған дейінгі сот отырыстарында оның сотталушылардың бірінің шақыруымен кафеде кездескені, кейін дүкен алдына бірге барғаны белгілі болды. Сол жерде орын алған жанжал кезінде Эльмира Нұрбекова тараптарды сабырға шақырып, қақтығысты тоқтатуға тырысқан.
Жәбірленушілердің қорғаушысы сот отырысында куәгерден Шерзат Болаттың денесіне пышақтың қай жерге сұғылғаны туралы ақпаратты қайдан білгенін сұрады. Эльмира Нұрбекованың айтуынша, оқиғадан кейін оларды оқиға орнында екі күн бойы ұстаған.
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·