Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Шерзат ісінен шеттетілген заңгер: «Бұл мен үшін хайп емес, әділет үшін күрес»

Халықаралық құқық магистрі , он жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар заңгер Бағдат Амандосұлы 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесінен шеттетілгенін жария етті. Ол бұл жағдайға саяси немесе беделдік мүдделер себеп болды деп мәлімдеді,деп хабарлайды Today

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Шерзат ісінен шеттетілген заңгер: «Бұл мен үшін хайп емес, әділет үшін күрес»

Халықаралық құқық магистрі, он жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар заңгер Бағдат Амандосұлы 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесінен шеттетілгенін жария етті. Ол бұл жағдайға саяси немесе беделдік мүдделер себеп болды деп мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

«Сот – цирк емес, күлетін немесе ұйықтайтын орын емес. Ол – адамның тағдырын шешетін мекеме», – дейді заңгер.

«Бұл істі жеке мүддеге айналдырғандар бар»

Заңгер Бағдат мырза сот процесінде жеке бедел мен танымалдықты басты орынға қойған тараптардың болғанын ашық айтты. Оның сөзінше, белгілі бір тұлғалар тек өздерін көрсетуге тырысып, кәсіби пікір айтқан әріптестерін процестен аластауға дейін барған.

«Біреулер “мен ғана сұхбат беремін, мен ғана халыққа көрінемін” деген ұстаныммен жұмыс істейді. Бұл кәсібилікке емес, эго мен монополияға сүйенетін тәсіл», – деді ол.

Жәбірленуші тарапты қорғауға ниетті еді

Бағдат Амандосұлы бұл іске шын жүректен кіріскенін, аптасына екі күн сот отырысына қатысып, қалған уақытта куәлар мен сотталушыларға сұрақтар әзірлеуге және материалдарды талдауға жұмсағанын атап өтті.

«Мен бұл істі біреудің атағын шығару үшін емес, жәбірленуші тараптың құқығын қорғау мен шындықты ашу үшін қолға алдым», – деп нақтылады заңгер.

Келесі сот отырыстары жақында өтеді

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр. Келесі сот отырыстары 28 және 29 мамырда өтетіні хабарланды.

Ұқсас материалдар

Шерзат ісінен шеттетілген заңгер: «Бұл мен үшін хайп емес, әділет үшін күрес» · Todayinfo