«Абзалдың қолында пышақ болды. Ол маған бір-екі рет сермеді. Киімім жыртылды. Сол сәтте артымнан Шерзат келіп, “Нұрқанат аға, қашайық” деді. Мен оған “қаша бер” дедім. Сол кезде Абзал оған қарай ұмтылды да, пышақты бірінші болып Шерзатқа сұқты. Шерзат “Нұрқанат аға, маған бірдеңе тығып алды” деп жан дауысымен айқайлады. Мен “жас бала ғой, 16 жастағы баланы ұруға келдіңдер ме?” дедім», – дейді Нұрқанат.Ол сондай-ақ пышақ терең кіргенін, Шерзаттың аузынан қан кеткенін айтқан. «Мен бір қарағанда Нұрқиястың қолында мылтық, Абзалдың қолында пышақ болды. Екеуі маған қарай ұмтылды. Артынан 7-8 бала бізге қарай келе жатты. Мен Шерзатты құшақтап алып бара жатқанымда, оның маңдайынан ұрып, артымнан пышақ сұғылды. Қалғаны видеоларда анық көрініп тұр», – деді марқұмның ағасы.
Шерзат Полаттың ісі: басты күдіктінің жауабын кезінде марқұм Ғайыпбаев жоққа шығарған
16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты бүгінгі сот отырысында басты күдікті Абзал Шынасыл жауап беріп жатыр. Ол өз сөзінде Шерзатқа пышақ сұқпағанын, тек оның құлаған сәтін ғана көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы. Алайда бұл мәлімдеме марқұмның ағ

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты бүгінгі сот отырысында басты күдікті Абзал Шынасыл жауап беріп жатыр. Ол өз сөзінде Шерзатқа пышақ сұқпағанын, тек оның құлаған сәтін ғана көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.
Алайда бұл мәлімдеме марқұмның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу барысында берген жауабымен сәйкес келмейді.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың айтуынша, оқиға кезінде Абзалдың қолында пышақ болған және ол оны өзіне де қолдануға әрекет жасаған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·