Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты алдын ала сот тыңдауы өтеді, деп хабарлайды Todayinfo порталы.
Бүгін, 10 сәуір 2025 жылы, сағат 12:00-де Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне байланысты алдын ала сот тыңдауы өтеді.
Сот отырысы ашық түрде өтеді деп жоспарланған. 2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында болған жанжал кезінде 16 жастағы Шерзат Болат ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды. Оқиға барысында бірнеше адам ұсталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Марқұмның отбасы әділ тергеу жүргізуді талап етті. Оқиғадан кейін отбасының үйі өртеніп, бұл да қоғам назарын аударды. Құқық қорғау органдары бұл өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді.
Алдын ала тыңдау барысында сот істің мән-жайын анықтап, негізгі сот отырысының күн тәртібін белгілейді. Қоғамдық қызығушылықты ескере отырып, сот процесінің ашық өтетіні хабарланды.
Шерзаттың шері: Талғарда жасөспірімді өлтірген тоғыздың соты бүгін басталады
Фото: Отбасылық мұрағаттан Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты алдын ала сот тыңдауы өтеді, деп хабарлайды Todayinfo порталы. Бүгін, 10 сәуір 2025 жылы, сағат 12:00-де Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынд
Фото: Отбасылық мұрағаттан
Ұқсас материалдар

Қоғам
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Қоғам
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Қоғам
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Қоғам
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·