Todayinfo.kz
АймақБарлық жазбаларды қарау

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүріп өтті: өңірде көшкін қаупі жарияланды

Фото: Видеодан скриншот Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүріп, облыстық маңызы бар жолды басып қалған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.  «Қазселденқорғау» ММ мәліметінше, Ұлан ауданында облыстық маңызы бар «Өскемен – Самара» автожолының 101-шақырымында жауы

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүріп өтті: өңірде көшкін қаупі жарияланды
Фото: Видеодан скриншот Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүріп, облыстық маңызы бар жолды басып қалған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
 «Қазселденқорғау» ММ мәліметінше, Ұлан ауданында облыстық маңызы бар «Өскемен – Самара» автожолының 101-шақырымында жауын-шашынның мол түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 370 м3 қар көшкіні өздігінен түсті.
Зардап шеккендер жоқ. Қар көшкіні жолды жауып тастады. Жол «Облшығысжол» ЖШС күшімен тазартылды», - делінген министрлік хабарламасында. Өңірде 2025 жылғы 17-20 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі жарияланды.
«ТЖМ тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көшкін қаупі бар көптеген ошақ автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамаңыз, қауіпті аймақтан жылдам кетуге тырысыңыз», - дейді төтеншеліктер.
 

Ұқсас материалдар