Шымкент қария ашық қалған кәріз құдығына түсіп кеткен
Шымкент қаласында 65 жастағы зейнеткер ашық қалған кәріз шұңқырына құлап, ажалдан аман қалды. Оқыс оқиға 23 сәуір күні «Алтын бесік» көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің ауласында орын алған. 1959 жылы туған әйел абайсызда ашық тұрған септикке түсіп кеткен. Төтенше жағдайлар қ

Шымкент қаласында 65 жастағы зейнеткер ашық қалған кәріз шұңқырына құлап, ажалдан аман қалды. Оқыс оқиға 23 сәуір күні «Алтын бесік» көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің ауласында орын алған. 1959 жылы туған әйел абайсызда ашық тұрған септикке түсіп кеткен.
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары шақырту бойынша оқиға орнына жедел жетіп, арнайы құтқару жабдықтарын қолдану арқылы зардап шегушіні сыртқа шығарды. Құтқарушылардың шеберлігі мен жылдамдығының арқасында зейнеткерге қауіп төнген жоқ. Құдықтан шығарылған соң қария медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Қазіргі таңда зейнеткер дәрігерлердің бақылауында, ал жауапты мамандар қала тұрғындарын абай болуға шақырады.
Фото: скрин
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстандық аграршылар табысы жоғары дақылдарға басымдық беріп отыр
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Танымал журналист Мемлекет басшысының жетістіктерін атап өтті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты бірінші сот отырысы кейінге қалдырылды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Добывали песок со дна Тобола на 719 млн тенге: дело передали в суд
Жаннұр Еділбаева·