Шымкентте анасынан айырылған жеті бала баспаналы болды
Журналист Гүлмира Әбіқай Шымкентте анасынан айырылған жеті баланың өз үйлерінде тұратынын айтып, сүйінші жаңалық жариялады, деп хабарлайды Todayinfo. Бұл туралы журналист Instagram парақшасында бөлісіп, балаларға арналған жаңа үйдің жайлы екенін айтты. Сатып алу келісімшарт

Журналист Гүлмира Әбіқай Шымкентте анасынан айырылған жеті баланың өз үйлерінде тұратынын айтып, сүйінші жаңалық жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұл туралы журналист Instagram парақшасында бөлісіп, балаларға арналған жаңа үйдің жайлы екенін айтты. Сатып алу келісімшартында кенже бала 18 жасқа толғанша үйді сатуға тыйым салынған.
Балалар қалай баспаналы болды?
Журналистің айтуынша, екі апта бұрын жеті бала панасыз қалған.
Аналарынан айырылған: белгісіз жағдайда үшінші қабаттан секіріп, қайтыс болған.
Әкесі қамауға алынған: ол бұл өлімге күдікті деп танылған.
Балалардың жасы: ең үлкені 20 жаста, кенжесі 2 жаста.
Кәмелетке толмаған бес бала мемлекет қарауына өткен.
"Тарыдай шашыраған 7 баланың басын қосу үшін үй қажет болды. Осы жайлы жазғаным сол екен, 2 тәулікте жетерлік қаражат жиналды. Шымкент ортасынан 3 бөлмелі пәтер сатып алып, ересек қызға рәсімдедік. 5 бауырдың басын қосып, бәрі әпкесінің қамқорлығына өтті," – деді Гүлмира Әбіқай.
Балаларға қандай көмек көрсетілді?
🔹 Жаңа баспана: Шымкенттің орталығынан 3 бөлмелі пәтер сатып алынды.
🔹 Оқу мүмкіндігі: үй маңында 6 мектеп, 4 балабақша бар, балалар білімдерін жалғастырады.
🔹 Қосымша білім: 40-тан аса тегін үйірмеден таңдау мүмкіндігі берілді.
🔹 Қаржылай және тұрмыстық көмек:
Жанашыр оқырмандар үйге қажетті заттар мен киім-кешекпен қамтамасыз етті.
Жандос есімді азамат отбасыға көшуге көмектесіп, бір жылға электрлік және сантехникалық тегін қызмет көрсетуге уәде берді.
Үлкен қыздардың халыққа алғысы
"Қуанып отырмыз. Баспаналы болдық. Бауырларымызды қасымызға алдық. Сіздердің арқаларыңызды үйлі болып жатырмыз. Бірақ қасымызда анамыз жоқ, анамыз қасымызда болғанда бәрі жақсы болар еді. Үй өте әдемі, кең. Анамыз осындай үйде тұрсақ деп армандайтын еді," – деді балалар.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·