Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Шымкентте блогер Арай Есенбек бопсалау ісі бойынша 5 жылға сотталды

Коллаж: Ertenmedia.kz Шымкент қаласында блогер Арай Есенбек бопсалау қылмысы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Өткен жылдың қараша айында оңтүстік мегаполисте бұрын қала әкімінің баспасөз хатшысы қызметі

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Шымкентте блогер Арай Есенбек бопсалау ісі бойынша 5 жылға сотталды

Коллаж: Ertenmedia.kz

Шымкент қаласында блогер Арай Есенбек бопсалау қылмысы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың қараша айында оңтүстік мегаполисте бұрын қала әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған медиа-маманның ұсталғаны қоғамда резонанс тудырған болатын. Қызметінен кеткеннен кейін ол жеке медиа жобаларын іске қосып, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында жұмыс істеген.

Алайда қаржыландыру көлемі азайғаннан кейін блогер таныс шенеуніктен 10 млн теңге талап еткен. Ол қаражат берілмеген жағдайда өз ресурстарында жағымсыз материалдар жариялайтынын айтып қорқытқан.

Мемлекеттік қызметкер бұл жағдай бойынша құқық қорғау органдарына жүгінген. Ақшаны беру кезінде Арай Есенбек ұсталды.

Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас материалдар