Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Шымкенттік шенеунік бюджеттен ұрлаған ақшасына әйеліне көлік алып берген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикор) енді күмәнді активтерді тек күдіктінің ғана емес, олардың жақын туыстары мен сенімді тұлғаларының атына тіркелген мүліктерден де іздей бастады. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлімдеді. Бұл туралы Today

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Шымкенттік шенеунік бюджеттен ұрлаған ақшасына әйеліне көлік алып берген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикор) енді күмәнді активтерді тек күдіктінің ғана емес, олардың жақын туыстары мен сенімді тұлғаларының атына тіркелген мүліктерден де іздей бастады. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлімдеді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Көп жағдайда күдіктілер заңсыз алынған ақшаны жасыру үшін мүлікті өз атына емес, жұмыссыз туыстарының атына рәсімдейді. Бірақ олардың ресми табысы активтердің құнын ақтай алмайды», - деді ол.
Бегайдаров бірнеше нақты мысал келтірді: Шығыс Қазақстан облысында жемқорлыққа күдікті азамат автокөлік пен екі пәтерді жұмыссыз туысының атына рәсімдеген; Шымкентте мемлекеттік қызметкер ұрланған ақшаға зайыбына электромобиль сатып алған; Астанада бір азамат ресми табысы аз бола тұра, 5 млрд теңгеге тең мүлік пен зергерлік бұйымдарға иелік еткені анықталған. Барлық жағдайда активтердің заңды жолмен алынбағаны дәлелденіп, сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылған.

Ұқсас материалдар

Шымкенттік шенеунік бюджеттен ұрлаған ақшасына әйеліне көлік алып берген · Todayinfo