Қоғамда резонанс тудырған Шерзат Болат өліміне қатысты сот отырысында басты сотталушылардың бірі — Шыңғыс Белгожаев оқиғаның қалай өрбігенін егжей-тегжейлі баяндады,деп хабарлайды Todayinfo.
2023 жылдың 3-нен 4 қазанына қараған түні Талғар ауданында болған қақтығыс салдарынан Шерзат Болат көз жұмған болатын. Бұл іске қатысты бірнеше адам күдікті ретінде ұсталған.
Шыңғыс Белғожаев сол түні досы Азамат Тоқтаубаевпен бірге «Эйфория» кафесінде достарымен отырғанын, кейіннен оларды біреудің «автобазаға кел» деп шақырғанын айтты.Сотталушының айтуынша, кейін оқиға орнына келген адам қолындағы мылтықпен екі рет оқ атқан. Сол сәтте қорқыныштан дүкен жанындағы ағашқа қарай қашып кеткендерін айтты. Кейін жігіттер шабуылдаушыға қарай ұмтылғанда, өзі де шабуылға қосылған.«Қамажай» дүкенінің маңында 10 шақты адам тұрды. Дарханның беті қан болды. Не болғанын сұрағанда, «ұрды» деді. Осы кезде Қаржаубай пышақпен дүкеннен жүгіріп шықты. Мен оны тоқтату мақсатында қалтамдағы бәкімен қорғануға дайындалдым», – дейді ол.
«Мен мылтық атқан сақалды адамды ұрамын деп ойлағанмын, бірақ кейін видеодан қарасам, ұрғаным Шерзат болып шықты», – деп мойындады Шыңғыс Белғожаев.
Ол оқиға барысында ешкімге пышақ сұқпағанын және тек Шерзатқа ғана қол жұмсағанын мәлімдеді.




