Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Трамп қаруды көбейтуге тапсырма берді: Такер Карлсон АҚШ-тың жаһанды жауалуға дайындалып жатқанын жазды

Ақ үй басшысы Дональд Трамптың 2027 жылы қорғаныс бюджетін арттыру туралы шешімі елдің жаңа дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатқанын көрсетеді. АҚШ журналисі Такер Карлсон осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz агенттігі.  "Риа Новости" агенттігі  жазуынша,

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Трамп қаруды көбейтуге тапсырма берді: Такер Карлсон АҚШ-тың жаһанды жауалуға дайындалып жатқанын жазды
Ақ үй басшысы Дональд Трамптың 2027 жылы қорғаныс бюджетін арттыру туралы шешімі елдің жаңа дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатқанын көрсетеді. АҚШ журналисі Такер Карлсон осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz агенттігі.  "Риа Новости" агенттігі жазуынша, америка шұғыл түрде әскери қаруға бөлінетін қаржыны еселеп көбейтпек.
"Президент Пентагонның бюджеті 1 триллион доллардан 1,5 триллион долларға ұлғайтылатынын жариялады... Мұндай бюджет жаһандық немесе аймақтық соғысқа дайындалып жатқан елге тән. Біз осы бағытқа, яғни дүниежүзілік соғысқа қарай келе жатырмыз", – деді Такер Карлсон.
Консервативті көзқарасымен танылған журналист АҚШ қорғаныс бюджетін арттырудың басқа себебі жоқ дейді. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 2027 жылғы әскери бюджетті 1,5 триллион доллар көлемінде белгілеу қажеттігін айтқан болатын. Ол қазіргі уақыт қауіпті екенін алға тартқан. Оның бұл мәлімдемесі көптеген елдерге үйрей туғызды.

Ұқсас материалдар

Трамп қаруды көбейтуге тапсырма берді: Такер Карлсон АҚШ-тың жаһанды жауалуға дайындалып жатқанын жазды · Todayinfo