Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Сот сарапшысы Шерзат Полаттың ажалы неден болғанын айтты

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында сот-медициналық сарапшы Мұхит Оразбекұлы қайғылы оқиғаға қатысты мәйіттің жарақаттарына нақты сипаттама берді. Сараптама барысында жасөспірімнің денесінде бірнеше жарақат анықталған,деп хабарлайды Todayinfo ақп

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Сот сарапшысы Шерзат Полаттың ажалы неден болғанын айтты
16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында сот-медициналық сарапшы Мұхит Оразбекұлы қайғылы оқиғаға қатысты мәйіттің жарақаттарына нақты сипаттама берді. Сараптама барысында жасөспірімнің денесінде бірнеше жарақат анықталған,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі

«Сол жақ кеуде қуысына шаншылып кесілген жарақат табылды. Ол жара артқы қолтық асты сызығы мен 5-6 қабырға ортасында орналасқан. Жарақат сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігін зақымдаған. Тереңдігі – 12 см», – деді сот сарапшысы.

Сарапшының мәліметінше, жасөспірімнің денесінде бірнеше қанталау мен көгерген іздер, сондай-ақ бет пен мойын тұсындағы жарақаттар болған. Бұл – физикалық зорлық әрекеттерінің орын алғанын көрсетеді.
  • Оң көзінің асты мен көз маңайында қанталаған;
  • Оң қолдың саусақ ортасында қанталау;
  • Оң иығында екі көгерген із;
  • Сол қол саусағында сызат;
  • Желкеде қанталау.

«Өлімнің тікелей себебі – өткір затпен салынған кеудедегі жарақат», – деп түйіндеді сарапшы.

Ұқсас материалдар

Сот сарапшысы Шерзат Полаттың ажалы неден болғанын айтты · Todayinfo