СҚО-да құмар ойын ойнаған шенеуніктер жұмыстан қуылды
2023 жылғы шілдеде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген толықтыруларға сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынды, деп хабарлайды Todayinfo. Бұл талапты бұзған жағдайда, олар теріс себептермен жұмыстан

2023 жылғы шілдеде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген толықтыруларға сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынды, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұл талапты бұзған жағдайда, олар теріс себептермен жұмыстан шығарылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметшілер арасында осы шектеуді сақтамау фактілері анықталды. Талдау барысында бірнеше мемлекеттік қызметкердің құмар ойындарға қатысқаны белгілі болды.
Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы "1XBET" букмекерлік кеңсесінде жүйелі түрде "ставкалар" қойып, заң талаптарын бұзған.
Сондай-ақ, осындай құқықбұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандарына қатысты да анықталды.
Прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижесінде жоғарыда аталған лауазымды тұлғалар қызметтерінен босатылды. Сонымен қатар, барлық мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
мемлекеттік қызметжұмыстан босату.1XBETпрокуратурасыбайлас жемқорлықСҚОқұмар ойындарзаң бұзушылықтәртіптік жауапкершілік
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·