Todayinfo.kz
АймақБарлық жазбаларды қарау

СҚО: полиция қызметкерін қағып кеткен көлік жүргізушісі табылмай жатыр

Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар «Челябі-Новосібір» автожолында белгісіз біреу полиция қызметкерін көлікпен қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 сәуір күні түнде болған. Петропавл сырт

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
СҚО: полиция қызметкерін қағып кеткен көлік жүргізушісі табылмай жатыр
Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар «Челябі-Новосібір» автожолында белгісіз біреу полиция қызметкерін көлікпен қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 сәуір күні түнде болған. Петропавл сыртында полицияның 48 жастағы қызметкерін көлік соғып, салдарынан ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Көлік жүргізушісі жол-көлік апаты болған жерден қашып кеткен. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
 

Ұқсас материалдар

СҚО: полиция қызметкерін қағып кеткен көлік жүргізушісі табылмай жатыр · Todayinfo