Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Степногорск: Аурухана құрылысындағы миллиондаған теңге жымқыру әшкереленді

Степногорск қаласында аурухана құрылысы кезінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактісі анықталды. Мердігер жұмыстарды сапасыз орындап, миллиондаған теңгені заңсыз алған.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Степногорск: Аурухана құрылысындағы миллиондаған теңге жымқыру әшкереленді
📷 Дереккөз: orda.kz

Степногорск қаласында аурухана құрылысы кезінде ірі көлемдегі заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Бас прокуратураның мәліметінше, мердігер операциялық блок салу кезінде миллиондаған теңгені «үнемдеген».

Мердігермен жасалған келісімшарт бұзылып, бюджетке ақшаны сот арқылы қайтару әрекеті жасалуда.

«Тексеру барысында мердігер тарапынан құрылыс нормаларын бұзу фактілері анықталды. Бұл жұмыстардың сапасыз орындалуына және бюджет қаражатының негізсіз төленуіне әкеп соқты. Заңбұзушылықтар техникалық және авторлық қадағалау, сондай-ақ тапсырыс беруші тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан мүмкін болған», — делінген хабарламада.

Тапсырыс беруші сотқа 80 миллион теңге бюджет қаражатын қайтару туралы талап арыз берді. Денсаулық сақтау басқармасының екі лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта жұмысты қысқа мерзімде аяқтай алатын жаңа мердігер іздестірілуде.

Ұқсас материалдар

Степногорск: Аурухана құрылысындағы миллиондаған теңге жымқыру әшкереленді · Todayinfo