Әлеуметтік желіде әнші Сәкен Майғазиевтің бұған дейін берген сұхбатынан үзінді тарап, көпшілік арасында қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында өнер иесі келіні мен қайын атасының арасындағы ерекше қарым-қатынас туралы әңгімелеген. Оның айтуынша, келіні күн сайын таңертең қайын атасына арнап жылы суын дайындап береді. Ал қайын атасы келініне жаны ашып, еркелетіп, тіпті кейде құшағына алып жататынын айтқан.
Бұл пікір желі қолданушыларының түрлі реакциясын тудырды. Көпшілік әншінің айтқан әңгімесін шынайылыққа жанаспайды деп бағалап, оны әзілге айналдырған. Кейбір оқырмандар «қиялдан туған оқиғаға ұқсайды», «суайтқа пара-пар сөздер екен» деген сарында пікір қалдырса, енді бірі мұндай әңгімелердің қоғамға орынсыз екенін жазған.
Дегенмен, желіде әншіні жақтап, оның сөзін контекстен бөліп қарамауға шақырған пікірлер де кездеседі. Осылайша, ескі сұхбаттың үзіндісі әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, қызу пікір алмасуға себеп болды.




