Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

«Сүйетін сағынғанда Сағиымсың»: Асанәлі Әшімов кіші ұлына ерекше ән арнады

Аңыз актер Асанәлі Әшімовтің қойылымнан кейінгі сәті жарияланып, әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін толқытты, деп хабарлайды Todayinfo. Видеода Атырауда өткен «Тағдыр тақтасы» драмасынан кейін сахна төрінде Асанәлі Әшімовтің «Жан балам» әнін орындағаны, оған ұлының қосылған

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Сүйетін сағынғанда Сағиымсың»: Асанәлі Әшімов кіші ұлына ерекше ән арнады
Аңыз актер Асанәлі Әшімовтің қойылымнан кейінгі сәті жарияланып, әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін толқытты, деп хабарлайды Todayinfo. Видеода Атырауда өткен «Тағдыр тақтасы» драмасынан кейін сахна төрінде Асанәлі Әшімовтің «Жан балам» әнін орындағаны, оған ұлының қосылғаны көрсетіледі. Театр парақшасында бұл қойылым туралы: «Бұл жай ғана қойылым емес. Бұл - махаббат пен мұңның, жеңіс пен жоғалтудың, өнер мен өмірдің тоғысқан тақтасы», - делінген. Асанәлі Әшімов ұлына арнап шырқаған әнінде:
«Ұғатын әке жанын сәбиімсің, Жан балам, жабырқасам — Мәдиімсің, Сүйетін сағынғанда — Сағиымсың», – деген өлең жолдары бар.
Көрермендер бұл көріністі үлкен толқыныспен қабылдады. Пікірлер астында «Көңілім босап, жылап алдым», «Сағи аман болғанда өзіңізден оза туған ұл болатын еді», «Әкенің жоқтауы қандай зарлы», «Жылаттыңыз ғой» деген сияқты жазбалар қалдырылған.

Ұқсас материалдар

«Сүйетін сағынғанда Сағиымсың»: Асанәлі Әшімов кіші ұлына ерекше ән арнады · Todayinfo