Тағы 1 адам ауруханада: Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам ажал құшты
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жол апаты 19 сәуір күні облыстық маңызы бар «Жолымбет–Пригородное» автожолының 5-шақырымында болған. Полицияның мәліметінше, «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлік аударыл

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жол апаты 19 сәуір күні облыстық маңызы бар «Жолымбет–Пригородное» автожолының 5-шақырымында болған.
Полицияның мәліметінше, «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлік аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде аса мұқият болуды ескертеді.
Сонымен қатар, көліктердің техникалық жағдайын тұрақты түрде бақылау қажет.
Ұқсас материалдар

Оқиғалар
Павлодарда ер адам дәрігерлерге пышақпен шабуыл жасап, жедел жәрдем көлігін талқандады
Айдар Керім·

Оқиғалар
Үш құрдастың ажалы: БҚО-да мектеп түлектері суға батып, көз жұмды
Айдар Керім·

Оқиғалар
Жол апатына түскен директор Ақмоншақ Нұртазаның көз жасы көл болды
Айдар Керім·

Оқиғалар
«300-ге жуық адам зардап шеккен»: Айгүл Иманбаева мен Жанар Айжанованың басы дауға қалды
Айдар Керім·