Такси жүргізушісі клиентінен зардап шекті
Фото: freepik Ақмола облысында InDrive такси қызметінің жүргізушісі клиентінен зардап шекті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 47 жастағы ер адам құқық қорғау органдарына ар

Фото: freepik
Ақмола облысында InDrive такси қызметінің жүргізушісі клиентінен зардап шекті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 47 жастағы ер адам құқық қорғау органдарына арыз түсірген.
«Жәбірленуші такси қосымшасы арқылы тапсырыс қабылдап, клиентті межелі жеріне апара жатқанда, жолаушы жүргізушінің рұқсатынсыз көлікте шылым шеккен», — дейді полиция өкілдері.
Клиенттің бұл әрекетіне жүргізуші ескерту жасаған, бірақ жолаушы агрессивті реакция білдіріп, сөзге келген. Жүргізуші жағдайды ушықтырмау үшін автокөлікті тоқтатып, жолаушыдан түсуін сұраған. Алайда, ол түсудің орнына жүргізушіге шабуыл жасап, соққыға жыққан.
Қазіргі таңда күдіктінің жеке басы анықталды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесіне сәйкес заңды шаралар қабылданады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстандық аграршылар табысы жоғары дақылдарға басымдық беріп отыр
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Танымал журналист Мемлекет басшысының жетістіктерін атап өтті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты бірінші сот отырысы кейінге қалдырылды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Добывали песок со дна Тобола на 719 млн тенге: дело передали в суд
Жаннұр Еділбаева·