Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Талдықорғанда бұрын кісі өлтірген ер адам әйел адамға пышақ салып, мерт қылды

Талдықорған қаласындағы асханалардың бірінде болған тұрмыстық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Ер адам әйелге бірнеше жерден пышақ жарақатын салған. Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Күдіктінің бұған дейін де кісі өлтірге

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Талдықорғанда бұрын кісі өлтірген ер адам әйел адамға пышақ салып, мерт қылды

Талдықорған қаласындағы асханалардың бірінде болған тұрмыстық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Ер адам әйелге бірнеше жерден пышақ жарақатын салған. Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Күдіктінің бұған дейін де кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ол ұсталып, қамауға алынды. Жетісу облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, тұрмыстық жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге пышақ жарақаттарын салған. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады ведомстводан.

Полиция тергеудің өзге мәліметтерін жарияламады. Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда көлік ішінен пышақталған әйелдің мәйіті табылғаны хабарланған болатын.

Фото: Freepik

Ұқсас материалдар

Талдықорғанда бұрын кісі өлтірген ер адам әйел адамға пышақ салып, мерт қылды · Todayinfo