Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Талдықорғанда жүк тиелген вагондар рельстен шығып кетті

Талдықорғанда жекеменшік теміржол тармағында жүк тиелген бес вагон рельстен шығып кетті. Оқиға салдарынан пойыз қозғалысы уақытша тоқтады.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Талдықорғанда жүк тиелген вагондар рельстен шығып кетті

Талдықорғанда «Bars Build» ЖШС-не қарасты жекеменшік теміржол тармағында бес вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Оқиға 31 қаңтар күні сағат 21:36 шамасында болған. Жүк тиелген 5 цистерна тұрған орнынан өздігінен жылжып кетіп, сақтандыру жолындағы тежегіш тіреуішке соғылған. Соққы салдарынан екі вагон жолдан шығып кеткен.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, цистернадағы жүк сыртқа төгілмеген. Оқиға орнында ТЖД-ның 25 қызметкері мен 7 техникасы жұмысын бастады. Апатқа байланысты 1 ақпанға қараған түні Талдықорған – Қарабұлақ теміржол аралығында қозғалыс жабылып, №3604 пойыз кешіктірілді.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Бұл оқиға «ҚТЖ» ҰК» АҚ жауапкершілігі аймағына кірмейтін жекеменшік кірме жолда болды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Ұқсас материалдар

Талдықорғанда жүк тиелген вагондар рельстен шығып кетті · Todayinfo