Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Талғардағы Шерзат Болат ісі: сотта куәгер қанды түннің мән-жайын айтты

Талғар қаласында Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста куәгер Сәкен Әкежанов түсініктеме берді. Ол қылмыс болған «Қамажай» дүкеніне қарама-қарсы үйде тұратынын мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық аг

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Талғардағы Шерзат Болат ісі: сотта куәгер қанды түннің мән-жайын айтты

Талғар қаласында Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста куәгер Сәкен Әкежанов түсініктеме берді. Ол қылмыс болған «Қамажай» дүкеніне қарама-қарсы үйде тұратынын мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Оқиға орнынан куәгер дауыстарды естіп, балконға шыққанын баяндады:

«Бір әйелдің ащы дауысы естілді. «Жедел жәрдем шақырыңдар!» деп айқайлап жатты. Балконға шықсам, бір топ жігіттің бір адамды ұрып жатқанын көрдім. «Қойыңыздар, өлтіріп қоясыңдар!» деп дауыстадым», – деді Сәкен Әкежанов сот залында.

Куәгердің айтуынша, оның үйінен дүкен алдындағы аумақ толық көрінбейді, сондықтан оқиғаның барлық деталіне куә болмаған. Бірақ ол түнде оқ атылғандай қатты дыбыс естігенін айтты.

«Алғашында бұл мотоциклдің дауысы болар деп ойладым», – деп еске алды ол.

Бұл дерек тергеу нұсқаларының нақтылауына ықпал етуі мүмкін, себебі атылған оқ туралы нұсқалар да қарастырылуда.

Сот процесі әлі де жалғасып жатыр, ал басты назарда – қаза тапқан Шерзат Болаттың өліміне кімдер кінәлі екендігі. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, әділ тергеу мен ашық сот талқылауына деген сұраныс артқан болатын.

Ұқсас материалдар

Талғардағы Шерзат Болат ісі: сотта куәгер қанды түннің мән-жайын айтты · Todayinfo