Талибан шахматты харам ойын деп жариялады
Ауғанстанда билікте отырған Талибан қозғалысы шахмат ойнауға ресми түрде тыйым салды. Ауғанстан Спорт департаментінің өкілі Атала Машвани шахматты «азартты ойын» ретінде сипаттап, бұл ойын тыйым салынғандар қатарына енгенін мәлімдеді,деп жазады Todayinfo ақпараттық агенттігі. Ата

Ауғанстанда билікте отырған Талибан қозғалысы шахмат ойнауға ресми түрде тыйым салды. Ауғанстан Спорт департаментінің өкілі Атала Машвани шахматты «азартты ойын» ретінде сипаттап, бұл ойын тыйым салынғандар қатарына енгенін мәлімдеді,деп жазады Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Аталған тыйым Талибан қабылдаған «Ізгілікке үндеу және жамандықтан тыю» туралы 2024 жылғы заң аясында жүзеге асырылды. Бұл заң елдегі діни ұстанымдарды негізге ала отырып, бірқатар еркіндіктерге шектеу қоюды көздейді. Шахмат осы заң бойынша тыйым салынған ойындардың қатарына енді.
Талибан 2021 жылы билікке қайта оралғаннан бері елде музыка, кино, әйелдердің білім алуы мен қоғамдық өмірге қатысуы сияқты көптеген салаларға тыйым салынды. Бұл жағдай адам құқықтарын қорғау ұйымдарының, БАҚ-тың және халықаралық ұйымдардың алаңдаушылығын тудырып отыр.
Ауғанстанда тыйым салынған шахмат ойыны көптеген басқа мұсылман елдерінде, соның ішінде Иран, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінде мемлекет тарапынан қолдау табуда. Бұл елдерде шахмат — ресми танылған спорт түрі әрі халықаралық жарыстарда қатысушылар белсенді.
Талибанның бұл шешімі халықаралық қауымдастық тарапынан сынға ұшырады. Адам құқықтарын қорғау ұйымдары мен демократиялық елдер бұл әрекетті азаматтық бостандықтар мен білім алу құқығына жасалған кезекті шектеу ретінде бағалап отыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·