Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Таң азанмен мешітке қадам бастым: Мұқағали Мақатаев дінге берік "намазхан болған"

Діншілдер Мұқағали Мақатаевтың атынан өлең шығарып, дінді насихаттауға көшті. Желіге тараған өлеңде ақынды тым құдайшыл, діншіл, намазхан қылып көрсеткен. Алайда жұрт бұл жазбаның Мұқағали Мақатаевқа тиесілі емес екенін, оның зікір салмағанын айтып, қарсы шығуда, деп хабарлайды T

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Таң азанмен мешітке қадам бастым: Мұқағали Мақатаев дінге берік "намазхан болған"
Діншілдер Мұқағали Мақатаевтың атынан өлең шығарып, дінді насихаттауға көшті. Желіге тараған өлеңде ақынды тым құдайшыл, діншіл, намазхан қылып көрсеткен. Алайда жұрт бұл жазбаның Мұқағали Мақатаевқа тиесілі емес екенін, оның зікір салмағанын айтып, қарсы шығуда, деп хабарлайды Todayinfo порталы. Бұл өлең қоғам белсенділері тарапынан бірден сынға ұшырады.
«Мұқағали Мақатаевтың атынан тарап жатқан мына өлеңсымақты ақиық ақынның кітәбінән әкеліп көрсететіндер бар ма? "Соқыр тауыққа бәрі жем" ғой, осыған сенген дүбәрә қазақтар: "Аллоу, аллоу, не деген өлең, аллажан рақымына алсын" деп, таңдай қағып отыр», — деп жазды Торуыл Шоқан. Мұқағали Мақатаев "Бисмилләһ" деп ояндым сәресіге,* *Мойынсұнып Аллаһтың уәдесіне. "Сәресіде береке бар" деп айтқан, Пайғамбардың (с.а.с) хадисін ал есіңе. Жетуге мұсылмандар қатты асығар, Жәннаттың "Райян" деген қақпасы бар. Оразаңмен сол қақпадан шақырылсаң, Одан асқан қуаныш жоқта шығар. Таң, "азанмен" мешітке қадам бастым, Жамағатпен қауышып, амандастым. Рамазаннан басқа айда дәл осындай Көл-көсір сауапты оңай таба алмаспын. Адамдар көңілді екен күндегіден, Еседі шаттық лебі үндерінен. Күбірлеп Құран оқып, уағыз айтып, Түспей тұр зікірлері тілдерінен. Осылай тал түс өтіп, "бесін" келді, Көп сөзбен қаламадым көсілгенді. Бел будым көздің қашып зинасынан, Қызықтап қарамауға шешінгенді. Ақырын уақыт жылжып, "Аср" жетті, Бойыма сабыр тұнып, ашу кетті. Өйткені, оразаның бір талабы Бүліктен, дау-жанжалдан қашу депті. Таусылмас қанша айтсаң да талмай жырлап, Аллаһтың әр нығметі қандай қымбат! Түсіндім арып-ашқан адамдарды. Қарын ашып, шөл қысқанда, таңдай құрғап. "Шам" кірді, ұясына күн де қонып, Ауыз аштым жамағатпен бірге болып. Қаныммен тамырыма нәр тарады, Жүзім менен жүрегім нұрға толып. Сауабы Рамазанның шексіз елім, Тіліммен айтып қалай жеткіземін! "Құптан" мен "тарауыхты" оқу үшін. Қайтадан құбылаға бет түзедім. Ескергін оразаның тыйымдарын, Өзің үшін хайырлы тыйылғаның. Қияметте жәннаттан үмітің бар, Орындасаң Аллаһтың бұйырғанын. Адамды өсіретін зікір екен, Амалды өшіретін күпір екен. Жеткізген оразадан оразаға Әлемдердің Раббысына шүкір етем.... депті - мыс атамыз..
Фото: ЖИ-мен жасалған

Ұқсас материалдар

Таң азанмен мешітке қадам бастым: Мұқағали Мақатаев дінге берік "намазхан болған" · Todayinfo