Таразда көпқабатты үйден шыққан өрттен кейін төтенше жағдай жарияланды
Таразда өрт шыққан үйде 100-ден астам адам эвакуацияланды, шатыр жөнделіп жатыр.

Жаңа жыл қарсаңында Тараз қаласындағы Қарасу шағын ауданындағы бесқабатты үйде өрт шығып, Жамбыл облысының әкімдігі нысандық сипаттағы төтенше жағдай енгізгенін хабарлады.
Өрт 31 желтоқсан күні кешке бесінші қабаттағы пәтердің балконынан басталып, шатырға жайылған. Құтқарушылар 100 адамды, оның ішінде 30 баланы эвакуациялаған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, өрт себебін анықтап, келтірілген залалды есептейтін арнайы комиссия құрылды.
"Әр пәтер бойынша шығын көлемі есептеледі әрі заң аясында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Тиісті көмекті бәріне көрсетеміз", – деді әкім.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·