Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Тараздағы сұмдық оқиға: Ыстық шлак астында қалған жұмысшы көз жұмды

Тараздағы фосфор зауытында болған апат салдарынан 32 жастағы жұмысшы қаза тапты. Ыстық шлак атқылап, тағы екі адам ауруханаға түсті.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Тараздағы сұмдық оқиға: Ыстық шлак астында қалған жұмысшы көз жұмды

Тараздағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында болған ірі апат салдарынан жұмысшы қаза тапты. Цехта пештің жанында тұрғанда фосфор шлагы атқылап, қызып тұрған масса бірден үш қызметкердің үстіне төгілген, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Апаттан 32 жастағы жұмысшы қатты зардап шекті. Оның денесінің тең жарымына жуығын күйік шалып, тыныс алу жолдарына елеулі зақым келген. Дәрігерлер оның өмірі үшін үш күн бойы арпалысқанымен, аман алып қала алмады.

Тағы екі зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Қайғылы оқиғадан кейін кәсіпорында арнайы комиссия құрылып, апаттың себеп-салдарын анықтау жұмыстары басталды. Комиссия қорытындысы оқиғаға құқықтық баға беруге негіз болады. Жұмысшының қазасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, зауытта тиісті тексерістер тағайындалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Тараздағы сұмдық оқиға: Ыстық шлак астында қалған жұмысшы көз жұмды · Todayinfo