"Жаңа Конституция жобасы еліміздің егемендігін нығайтып, қоғамды топтастыруға құқықтық негіз болады. Қазір қазақстандықтарға тек құжатпен танысып қана қоймай, ел болашағы үшін шешім қабылдау мүмкіндігі беріліп отыр. Баршаңызды референдум күні азаматтық ұстаным танытуға шақырамын", - деді Серік Жұманғарин.Бұдан соң Үкімет басшысының орынбасары Салық кодексіндегі өзгерістер туралы айтып, бизнес өкілдерін ашық диалогқа шақырды. Кәсіпкерлер тарапынан коммуналдық кәсіпорындардағы тариф саясаты, ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға жеңілдетілген несие беру және өнеркәсіптік қауіпсіздік сияқты өзекті мәселелер көтерілді. Вице-премьер кейбір сұрақтарға сол жерде жауап берсе, жүйелі шешімді талап ететін мәселелерді өзі жетекшілік ететін жобалық кеңседе талқылауға уәде берді. Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Тариф, несие, қауіпсіздік: вице-премьер Жұманғарин БҚО-да бизнес өкілдерімен кездесті
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен кездесті. Тариф саясаты мен несие мәселелері талқыланды.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев төрағалық еткен жиынға орталық мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының басшылары да қатысты. Вице-премьер әңгімені конституциялық реформадан бастап, жаңа құжатта меншіктің барлық түріне теңдей қорғау кепілдігі берілгенін, бұл инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін өте маңызды екенін атап өтті.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Индии скончался 16-летний пациент: его мать добивается перевозки биоматериала в Казахстан
Жаннұр Еділбаева·