Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Eco Spring Action» экологиялық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл бастама қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қалдықтарды сұрыптау дағдыларын дамытуға және халықтың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Eco Spring Action» экологиялық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл бастама қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қалдықтарды сұрыптау дағдыларын дамытуға және халықтың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

Акция Жоңғар Алатауы тауларының етегінде жүзеге асырылды, онда арнайы ұйымдастырылған экологиялық сенбілік өткізіліп, волонтерлер мен жастар табиғи аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығын түсіндіру және халықтың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыру болды.
Осы экологиялық акция барысында 50-ден астам волонтер мен қатысушы пластик, қағаз, киім-кешек және электронды қалдықтарды жинап, оларды дұрыс сұрыптап, қайта өңдеуге тапсырды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, табиғатты сақтауға деген жауапкершілікті арттыруға және жастардың экологиялық санасын дамытуға бағытталды. Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушылар үшін мерекелік және танымдық бағдарламасы бар жастар кеші ұйымдастырылды. Іс-шара аясында тұрғындар да экологиялық акцияға белсенді қосылып, өздеріне бекітілген учаскелерде қалдықтарды жинап, арнайы белгіленген қабылдау пункттеріне тапсырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық бастамалар халықтың табиғатқа деген көзқарасын өзгертуге және қоғамда жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, мұндай акциялар жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы азаматтық жауапкершілікті нығайтады.
«Eco Spring Action экологиялық акциясы тек қоқыс жинау шарасы ғана емес, сонымен қатар экология саласындағы ағартушылық сипаттағы маңызды бастама болды. Осындай игі бастамалардың арқасында қоғамда экологиялық мәдениет қалыптасады, табиғатқа ұқыпты қарау құндылықтары насихатталады және болашақ ұрпақ үшін таза және қауіпсіз орта құруға нақты үлес қосылады. «Eco Spring Action» акциясы Жетісуда экологиялық жауапкершілікті арттырудағы маңызды қадамдардың бірі болды және қала тұрғындары арасында кең қолдау тапты», - деп атап өтті Жетісу облысы бойынша «Қазақстан студенттері альянсы» омбудсмені Қызайбай Ақерке Досымханқызы.