Қазгидрометтің болжамы бойынша, дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұлтты болады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр жауады. Жалпы республика бойынша синоптиктер тұман мен желдің күшеюін болжап отыр.
Он алты өңірде дауылды ескерту жарияланды. Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +4–6 °C, күндіз +21–23 °C болады.
Алматыда ауа райы бұлтты, жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде +12–14 °C, күндіз +17–19 °C болады.
Шымкентте ауа райы құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде +12–14 °C, күндіз +22–24 °C болады.




