Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Тіл үшін тартыс: жаңа Ата заңдағы 9-бап халықтың талабы бойынша өзгерді

Қазақстан Конституциясының жаңартылған жобасында тіл мәселесіне қатысты бапқа түзету енгізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік тілге арналған 9-баптың бірінші тармағы сол күйі қалады, ал орыс тілі туралы екінші тармақтағы «тең» сөзі «қатар» ұғымымен алмастырылатын болды. О

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Тіл үшін тартыс: жаңа Ата заңдағы 9-бап халықтың талабы бойынша өзгерді
Қазақстан Конституциясының жаңартылған жобасында тіл мәселесіне қатысты бапқа түзету енгізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік тілге арналған 9-баптың бірінші тармағы сол күйі қалады, ал орыс тілі туралы екінші тармақтағы «тең» сөзі «қатар» ұғымымен алмастырылатын болды. Одан бөлек тағы бірнеше бапқа өзгерістер енбек, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Бұл туралы Конституциялық комиссия отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов хабарлады. Оның айтуынша, жаңа редакцияда екінші тармақ мынадай түрде тұжырымдалады: «9 бап нақтыланып, "тең" сөзі "қатар" деп ауыстырылды. 50-ші және 51-ші баптарда "өтініш" деген сөздер "мәлімдеме" деп алынды. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады». Ал қолданыстағы Конституцияда бұл нормада орыс тілі «қазақ тілімен тең қолданылады» деп көрсетілген. Конституциялық реформаны талқылау кезінде дәл осы осы "тең" деген сөз қатты дау тудырып, тіл жанашырлары қарсылық танытқан еді. Тіл жанашырлары, азаматтық белсенділер мен саясаткерлер орыс тіліне қатысты тармақты алып тастауды немесе мазмұнын қайта қарауды ұсынды. Әсіресе әлеуметтік желіде «тең» сөзіне қарсылық қатты болды. Көптеген танымал тұлғалар, депутаттар, өзгеде адамдар қанша жерден үндеу жасағанмен, талап күйшемесе, азаймады. Ақыры Ата заңды қарап жатқан комиссия тең сөзінен ауыстыруға мәжбүр болды. Фото: ustazdar.kz

Ұқсас материалдар

Тіл үшін тартыс: жаңа Ата заңдағы 9-бап халықтың талабы бойынша өзгерді · Todayinfo