Тимур Құлыбаевтың мұнай-газ бизнесіндегі компаниясы миллиардтаған шығынға ұшырады
2025 жылдың алғашқы алты айында «Кристалл менеджмент» компаниясының қаржылық нәтижесі минусқа кетті, деп хабарлайды todayinfo.kz Есеп бойынша, ұйымның шығыны 1,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп (2024 ж. — шамамен 894 млн теңге). Деген

2025 жылдың алғашқы алты айында «Кристалл менеджмент» компаниясының қаржылық нәтижесі минусқа кетті, деп хабарлайды todayinfo.kz
Есеп бойынша, ұйымның шығыны 1,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп (2024 ж. — шамамен 894 млн теңге).
Дегенмен, табыс көлемі артқан: биылғы жартыжылдықта компания 7,6 млрд теңге кіріс тапқан (бір жыл бұрын — 5,3 млрд теңге). Активтерінің жалпы құны 60 млрд теңгеге бағалануда.
Компания көмірсутектерді барлау құқығына ие және бұл жұмыстарды Ұлытау, Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында жүргізеді.
Бақылау үлесінің 51%-ы Joint Resources арқылы белгілі кәсіпкер Тимур Құлыбаевқа тиесілі. Forbes дерегіне сәйкес, оның жеке капиталы шамамен 5,8 млрд долларды құрайды.
Фото: ҰОК
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин
Todayinfo редакциясы·