Todayinfo.kz
Алматы

«Тіркемегендер 40 мың теңге айыппұл төлейді»: мопедті тіркеу науқанының аяқталуына үш күн қалды

Фото: todayinfo.kz Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасына қарасты процессингтік орталықтың бастығы Айдын Меркімбаев мопедті тіркеу мерзімі аяқталуға жақын екенін және 5 сәуірден кейін тіркелмеген көліктердің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны

Авторы Айғаным Нариманова··3 мин оқу
«Тіркемегендер 40 мың теңге айыппұл төлейді»: мопедті тіркеу науқанының аяқталуына үш күн қалды
Фото: todayinfo.kz Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасына қарасты процессингтік орталықтың бастығы Айдын Меркімбаев мопедті тіркеу мерзімі аяқталуға жақын екенін және 5 сәуірден кейін тіркелмеген көліктердің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. – Айдын мырза, қазіргі таңда мопед тіркеу бойынша қандай деректер бар? – Бүгінгі таңда 7 081 мопед тіркелді, оның ішінде 2 785-і экстерриториалдылық қағидаты бойынша рәсімделген. Бұл – жүргізушілердің заң талаптарын орындауға деген жауапкершілігінің артып келе жатқанын білдіреді. Дегенмен, әлі де тіркеуден өтпеген көптеген мопед иелері бар. – 5 сәуірден кейін мопедін тіркемегендер қандай жауапкершілікке тартылады? – Егер мопед тіркелмесе немесе "А1" санатындағы жүргізуші куәлігі болмаса, иелері Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады. 590-баптың 2-бөлігі, 590-баптың 2-1-бөлігі, 612-бап және 797-бапқа сәйкес келесі жаза түрлері қарастырылған: ✔️ 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл ✔️ 20 АЕК (69 000 теңге) көлемінде айыппұл ✔️ Көлік құралын басқару құқығынан 1 жылға айыру ✔️ Мопед айыппұл тұрағына қойылады
«Бұл – жай ғана айыппұл емес, көлік құралын басқару құқығынан айырылуға дейін баратын қатаң жаза. Сондықтан мопед иелерін соңғы минутқа дейін күтпей, көліктерін тез арада тіркеуге шақырамыз» – деді Айдын Беркінбаев.
– Мопедті қалай тіркеуге болады? – Мопедті тіркеу үшін иесі немесе оның өкілі келесі құжаттарды ұсынуы қажет: 🔹 Жеке басын куәландыратын құжат (қағаз немесе электрондық түрде) 🔹 Тіркеу үшін алымдар: Тіркеу алымы – 0,25 АЕК (983 тг.) Көлік құралын тіркеу туралы куәлік (СРТС) – 1,25 АЕК (4915 тг.) Мемлекеттік нөмір алу – 1,4 АЕК (5505 тг.) 🔹 Мемлекеттік тіркеуге арналған өтініш 🔹 Техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ақпарат 🔹 Егер мопедтің идентификациялық нөмірі жоқ болса, уәкілетті орган оны тіркеуге дейін тағайындайды 🔹 Көлік құралының тексеру актісі (алғашқы тіркеу кезінде) 🔹 Бұрынғы СРТС және мемлекеттік нөмір (бар болса) 🔹 Сатылым шарты немесе сенімхат (егер мопед иесінің өкілі жүгінсе) – Тіркеу процесі қанша уақыт алады? – ҚР Ішкі істер министрінің №862 бұйрығына сәйкес, мопедті тіркеу процесі 90 минут ішінде жүзеге асырылады. Бұл азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалған тиімді жүйе. – Азаматтарға қандай кеңес бересіз? – Біз мопед иелерін тіркеуді кейінге қалдырмай, уақытылы рәсімдеуге шақырамыз. Көп адам соңғы сәтте жүгіріп келеді, бірақ құжаттарды алдын ала дайындаған дұрыс. "Егер мопедіңіз тіркелмеген немесе жүргізуші куәлігіңіз болмаса, 5 сәуірден кейін жолға шығуға болмайды. Құқық бұзған жағдайда, көлігіңіз айыппұл тұрағына қойылады, ал өзіңіз қомақты айыппұл арқалайсыз" – деді Айдын Беркінбаев.
«Заң талаптарын сақтау – сіздің қауіпсіздігіңіз бен қорғанысыңыз. Сондықтан, уақытылы тіркеліп, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамыз», – деп түйіндеді ол.

Ұқсас материалдар