Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Төрт млн теңге»: еркектік қуатты күшейтетін витаминдерді жарнамалайтын компания басшысы бәйге жариялады

Еркектік қуатты күшейтеді деген өнімдерін жарнамалайтын журналист тағы бір бәйге жариялады. Ол балаларына қазақтың соңғы ханының атын қойған ата-аналарға сыйақы тағайындады, деп жазады Todayinfo порталы. «Достар, алда наурыз айы келе жатыр. Әз- Наурыз - Ұлыстың ұлы күні де жетер.

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Төрт млн теңге»: еркектік қуатты күшейтетін витаминдерді  жарнамалайтын компания басшысы бәйге жариялады
Еркектік қуатты күшейтеді деген өнімдерін жарнамалайтын журналист тағы бір бәйге жариялады. Ол балаларына қазақтың соңғы ханының атын қойған ата-аналарға сыйақы тағайындады, деп жазады Todayinfo порталы.
«Достар, алда наурыз айы келе жатыр. Әз- Наурыз - Ұлыстың ұлы күні де жетер. Соған орай "Аламан" компаниясының атынан бір шараны қолға алмақпыз. Ұлына Кенесары деп ат қойған ата-анаға, яғни он сәбиге 400 мыңнан жөргекпұл береміз», — деп жазды Нұрсейіт Жылқышыбай.
Ол үшін төменде көрсетілген номерге баланың туу туралы куәлігін жіберу керек.
«Баласына Кенесары деп ат қоятын ықыласты адамдар көп болуы мүмкін. Сондықтан алғашқы он адамға сыйақы беріледі. Болашақ Кенесарылар наурыз айында дүниеге келуі керек. Осындай қарапайым шарт. Енді Кенесары деген есімге келсек. Бұл есім әр қазақ үшін аяулы һәм ардақты. Азаттық жолында опат болған қаһарман. Орыс империясына қарсы тұрған батыр. Орыстың зеңбірегіне кылышпен шапқан қасқыр жүректі ер. Еркін өмір үшін жанын қиған асыл ердің есімін жаңғыртайық. Біздің ниет осы: 8771 236 77 04», — деп жазды ол.
Фото: Freepik

Ұқсас материалдар

«Төрт млн теңге»: еркектік қуатты күшейтетін витаминдерді жарнамалайтын компания басшысы бәйге жариялады · Todayinfo