Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Төтенше жағдай: Түркістан облысында 29 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары су деңгейінің көтерілуіне байланысты қауіп аймағында қалған 29 адамды эвакуациялады. Ведомствоның мәліметінше, бүгін Түркістан облысы Абай ауылында нөсер жаңбырдан кейін Жаңақорған өзеніндегі су деңгейі көтеріліп,

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Төтенше жағдай: Түркістан облысында 29 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары су деңгейінің көтерілуіне байланысты қауіп аймағында қалған 29 адамды эвакуациялады.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін Түркістан облысы Абай ауылында нөсер жаңбырдан кейін Жаңақорған өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, демалыс орындарының біріне апаратын топырақ жолды су шайып кеткен. Соның салдарынан демалушылар қауіпсіз жолдан айырылып, оқшау қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары күрделі жағдай мен күшті ағысқа қарамастан, қираған жол учаскесінде уақытша өткел ұйымдастырып, қауіп аймағындағы барлық адамдарды эвакуациялады.

Нәтижесінде 29 адам, оның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге жеткізілді. Барлық эвакуацияланғандар Түркістан қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.

Фото: скрин ТЖМ

Ұқсас материалдар

Төтенше жағдай: Түркістан облысында 29 адам эвакуацияланды · Todayinfo