Тоқаев Астанадағы инклюзивті спорт орталығын аралап, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдаймен танысты
Президент Тоқаев Астанадағы Инклюзивті спорт орталығын аралап, 12 бейімделген спорт түрі мен оңалту инфрақұрылымымен танысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Инклюзивті спорт орталығының жұмысымен танысты.
Бұл – елімізде алғаш рет спорттық, медициналық, оңалту және білім беру инфрақұрылымын бір жерге тоғыстырған кешен. Орталық мүмкіндігі шектеулі жандарға толық қолжетімді форматта жұмыс істейді.
Елордада шамамен 42 мың мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады. Олардың едәуір бөлігін балалар, жастар және еңбекке қабілетті жастағылар құрайды.
Орталықта олар спортпен жүйелі айналысып, оңалтудан өтіп, қоғамға бейімделуге мүмкіндік алады. Мұндай мекемелердің көбейуі – қаладағы инклюзивті орта қалыптастыруға да серпін береді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстандық Ләззат Алшинова беделді «The Women Noble Prize 2026» сыйлығының лауреаты атанды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Айгуль Забирова: «Выборы в Курултай станут началом работы новой, более адаптивной парламентской модели»
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Аида Балаева Азамат Омаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Осужденный по делу Салтанат Нукеновой брат Бишимбаева освобожден по амнистии
Жаннұр Еділбаева·