Тоқаев Петер Мадьярды жеңіске жетуімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Мемлекет басшысы дауыс беру нәтижесі мажар халқы TISZA партиясының жетекшілері мен бағдарламасына жоғары деңгейде сенім білдіргенін кө

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы дауыс беру нәтижесі мажар халқы TISZA партиясының жетекшілері мен бағдарламасына жоғары деңгейде сенім білдіргенін көрсетіп, бұл Мажарстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Президент Астананың Будапештпен стратегиялық серіктестікті нығайтуға айрықша мән беретініне тоқталып, қос халықтың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың аса жауапты қызметіне табыс, ал достас мажар халқына құт-береке тіледі.
Ұқсас материалдар

AQORDA
Қ. Тоқаев пен Н. Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда өтті
Айдар Керім·

AQORDA
Ержан Жиенбаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды
Айдар Керім·

AQORDA
Қ. Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Айдар Керім·

AQORDA
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады
Айғаным Нариманова·