Todayinfo.kz
AQORDAБарлық жазбаларды қарау

Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза күшейді: Тоқаев Қылмыстық кодекске қол қойды

Фото: Ақорда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза күшейді: Тоқаев Қылмыстық кодекске қол қойды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. НЕ ӨЗГЕРЕДІ
Заң Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізуді көздейді, ол медициналық қызметкерлердің өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне, сондай-ақ жедел жәрдем бригадаларының жүргізушілеріне қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасалған шабуылдарға қылмыстық жауапкершілік қарастырады.
  • Күш қолданған жағдайда 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл, сол мөлшерде түзету жұмыстары, немесе 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, немесе 2 жылға дейінгі қамауға алу жазасы қарастырылған.
  • Өмірге не денсаулыққа қауіпті емес күш қолданған жағдайда 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл, сол мөлшерде түзету жұмыстары, немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, немесе 2-3 жылға дейінгі шектеу немесе қамау жазасы қолданылады.
  • Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданған кезде 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасымен, ал ауырлататын мән-жайларда 7-тен 12 жылға дейін жазаланады.

Ұқсас материалдар

Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза күшейді: Тоқаев Қылмыстық кодекске қол қойды · Todayinfo