Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тосын қоңырау: Бектенов Үкімет отырыс кезінде күтпеген «звоноктан» кейін залдан шығып кетті
Фото: видео скриншот Бүгін Үкімет үйінде өткен отырыс барысында тосын жағдай орын алды. Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа тағайындалған Білім министрі Жұлдыз Сүлейменованың ант беру рәсімі кезінде орнынан тұрып, кенеттен залдан шығып кеткен, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат

Фото: видео скриншот
Бүгін Үкімет үйінде өткен отырыс барысында тосын жағдай орын алды. Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа тағайындалған Білім министрі Жұлдыз Сүлейменованың ант беру рәсімі кезінде орнынан тұрып, кенеттен залдан шығып кеткен, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жиынның басында Бектенов жаңа министрге сөз беріп, рәсімнің ресми түрде басталуына рұқсат етті. Алайда Сүлейменова Қазақстан халқына және Президентке адал болуға ант беріп тұрған сәтте премьер-министрдің телефоны шырылдап, ол асығыс түрде орнынан тұрып, залдан шыққан.
Бірнеше секундқа үкімет мүшелері аңтарылып қалды. Министрлердің жүзінен абыржу байқалды, ал кадрда премьердің орындығы бос қалған күйі бірнеше минут бойы көрсетілді.
Отырыстың тізгінін бірінші вице-премьер Роман Скляр қолына алып, жиынды жалғастырды. Кейін ол сөзді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға берді.
Қоңыраудың кімнен түскені ресми түрде хабарланған жоқ. Алайда сарапшылар мен бақылаушылар мұндай сәтте премьер-министрге тек ең жоғары деңгейден — Президент әкімшілігінен немесе Мемлекет басшысының өзінен қоңырау шалу мүмкін екенін айтады.
Біраз уақыттан кейін Олжас Бектенов залға қайта оралғанымен, күтпеген оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Көпшілік «Мұндай сәтте премьерді орнынан тұрғызған қандай маңызды қоңырау болды?» деген сұрақ қойып, түрлі болжамдар жасады.
Бұл жайт үкіметтің ресми отырыстарындағы этикет пен тәртіп тақырыбын да қайта қозғады. Көпшілік мұндай жағдайдың бейнежазба арқылы таралып, қоғам назарын аударғанына назар аударды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Амнистия может затронуть почти 3 тысячи женщин, включая более 200 матерей несовершеннолетних детей и беременных
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақмыс Ұлытауға инвестиция салуда: Руслан Өскенәлі әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Казахмыс инвестирует в Ұлытау: Руслан Өскенәлі проверил ход строительства социальных объектов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Правительстве состоялось первое заседание Совета по развитию инноваций
Жаннұр Еділбаева·